Белгілі журналист Ғаділбек Шалахметов өмірден озды
Төл телевизияның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан белгілі журналист Ғаділбек Шалахметов 81 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Мемлекет және қоғам қайраткері журналистика саласында табан аудармастан қызмет етіп, өшпес із қалдырды. Нар тұлғамен қоштасу рәсімі 6 сәуірде Алматы қаласында өтеді.
Ғаділбек Шалахметов ақиқатты ар туы деп санады, оны мәнсап пен биліктен артық көрді. Онымен бірге істегендер, қатарластары Шалахметовты осылай сипаттайды. Қазақ телевизиясын басқарған жылдары тікелей эфирлерде Семей полигоны мен Арал мәселесін боямасыз ашық көрсеткені соның дәлелі дейді.
Сағымбай Қозыбаев, Қазақстан Журналистика Академиясының президенті, профессор:
-Барлық өмірі телевизиямен байланысты. Барлық өмірін, мына жаңа елдің қуаты, демократиясы соның атымен байланыстыруға болады.
Ғаділбек Шалахметов журналистикаға металлургиядан келді. Металлургия және байыту институында қатардағы жұмысшы болған Ғаділбек Мәніжұлының тағдыр жолы кейін телевизиямен тоғысты. Тележурналистиканың баспалдағы «комментаторлық» қызметтен қысқа уақытта редакторлыққа көтерілді. Ол жүргізген «Ритм» бағдарламасы Кеңес Одағына кең танылды. Ол өзімен бірге телевизияға жаңа леп әкелді. Тіпті кезінде Америка Құрама Штаттарының 35-ші Президенті Джон Кеннедиден сұхбат алған қазақ тележурналисті екенін екінің бірі біле бермейді.
АСТАНА
МАХАТ САДЫҚ, ЖУРНАЛИСТ
00027 Ол кісі өте ашық адам болды. Ол кісі осы бүкіл Қазақстандағы он шақты одан көп телерадиокомпаниялар болса, ++ бүкіл телерадиокомпаниялардың бастығы болатын. Сонымен қатар, ақпарат министрінің бірінші орынбасары болатын. Біз жас журналистер, ол 8-9, 10-11-ге дейін отыратын жұмыста біз кіре беретінбіз мәселемізді айтып.0050
БЕЙНЕҚОР
Тәуелсіз Қазақстанда Ғаділбек Шалахметов президенттің баспасөз қызметінің алғашқы жетекшілерінің бірі болды. КСРО тарағанымен, посткеңестік елдердің байланысын үзіп алмау, ең алдымен экономика үшін ауадай қажет еді. "Мир" телекомпаниясы өмірге осы мақсатпен келді. Ал Шалахметов оның іргетасын қалаушылардың бірі болды, әрі 10 жыл бойы алғашқы халықаралық телерадиокомпанияға төрағалық етті.
АСТАНА
СНХ: ҚАЙРАТ САҚ, Л. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ПРОФЕССОР
0818 Ғаділбек Мінәжұлының бейнесі біздің жүрегімізде. Біз де айырылып қалғанымызға қазір қабырғамыз қайысып тұр. 0826++0043 Ол кісінің еңбегі тек Қазақстан журналистикасында емес, мына тәуелсіз достас мемлекеттердің барлығына ортақ.
БЕЙНЕҚОР
Ғаділбек Мінәжұлы Мәжіліс мінберінде депутат ретінде ел үшін келелі мәселелерді көтерді, талай бастамаға ұйытқы болды. Зейнетке шыққан соң да, қарап отырмай, ұстаздық етті, шәкірт тәрбиеледі. Академик көзі тірісінде 300-ден астам ғылыми және публицистикалық еңбек жазды. Қазақ телевизиясының тарихында есімі алтын әріппен жазылатын тұлға ретінде Ғаділбек Шалахметов көрермені мен әріптес, шәкірттерінің мәңгі есінде қалады.
Дана Әлиева, Бауыржан Ебелеков «Хабар»