Павлодар облысы еріген қар суын кәдеге жаратпақ
Баянауыл ауданында биыл қараусыз қалған көлтабандар қалпына келтіріледі. «Ал онда жиналған суды шабындық алқапқа бұруға болады», - дейді мамандар.
Мәселен, облыстың оңтүстік аймақтарында Айдос, Қарасу, Бала-Шідерті және Ащысу өзендері көктем сайын арнасынан асып, жақын жатқан елді мекендерге қауіп төндіреді. Су ресурстарын тиімді пайдалану үшін осы өзен сағалары зерттеледі.
Дияр Қайыркенов, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары:
- Сонымен қатар Екібастұз өңірін Ақтоғай ауданында орналасқан Өлеңті көлдер жүйесін қалпына келтіру жоспарланған. Бүгінгі күні су көлемі 87 текше шақырым. Оны 120 текше шақырымға жеткізу үшін Су ресурстары министрлігіне бюджеттік өтінім берілді.