Атырауда Соколок арнасына қосымша жаңа су арнасын салу басталды
Атырауда Жайық өзені арнасының деңгейін төмендету мақсатында Соколок каналына қосымша жаңа су арнасын салу басталды. Бұл арна қала іргесіндегі Бесікті ауылы маңынан басталады. Ең бастысы, тасқын суды қалаға кіргізбей Каспий теңізіне тікелей бағыттауға септігін тигізеді. Оның ұзындығы 24 шақырым. Тереңдігі - 2, ені - 5 метр. Қазір құрылыс басында 19 арнайы техника және 40-қа жуық адам жүр. Құрылысшылар оны су келгенше қазып бітіруі тиіс. Атырау облысында егістік пен шабындықтарды сумен қамтитын осындай 15 канал жөнделіп жатыр.
Олжас Сұлтанов, облыстық штабтың мүшесі:
-1 шақырымға бөгет салып шығамыз. Сонан кейін жаңа каналды қазып бастаймыз деп шешім қабылдадық. Жалпы сол каналдан шыққан топырақтан бөгет тұрғызамыз. Қала бетіне, ол бізге қосымша күш. Жалпы ескі канал да жұмыс істеп тұрады. Бірақ жаңа канал да қорғаныш болады.