Арқалықта тасқыннан зардап шеккендерге қаржы бөлінді
Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді. 405 млн теңге республикалық бюджеттің төтенше резервінен Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді. Жергілікті әкімдіктер табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген материалдық шығындарды есептеп жатыр. Бағалау комиссиясының шешіміне сәйкес зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесі шешілетін болады.