Петропавлға 60 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді
Петропавлға Қаржылық мониторинг агенттігі мен Астана қаласы әкімдігі атынан 60 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
Ауызсу, азық-түлік, көкөніс, төсек-орын жабдықтары қабылдау орындарына жөнелтіліп, тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға теңдей таратылмақ. Облыс орталығында осындай 3 пункт жұмыс істейді.
Асқар Балағазин, БҚО Экономикалық тергеу департаменті басқармасының бастығы:
- Біздің Қаржы мониторингі агенттігі және Астана қаласының әкімшілігіне көп рақметімізді айтамыз. Себебі осындай судан тапшылық кезінде Солтүстік Қазақстан облысына 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Өте күрделі жағдай. Бірақ барлығымыз біргеміз.