Жаңа заң ер-азаматтардың да құқығын қорғайтын болады
Құқығыңыз бұзылса, төзбеңіз! Жаңа заң тек әйелдер мен балалардың ғана емес, ер-азаматтардың да құқығын қорғайды.
Себебі «Әйел құқығы мен балалар қауіпсіздігі» туралы заңда әйел мен бала ғана соққыға жығылса, қорғалу керек деген норма жоқ. «Бұл заң екі ер адам немесе екі әйел адам арасындағы, соңы дене жарақатына алып келген жанжалға да қатысты»,- дейді Асхат Аймағамбетов.
Мәжіліс депутатының айтуынша, мұндай заң елімізде 2017 жылға дейін болған. Бірақ жаңа заңда жаза қатаңдатылған. Ең бастысы қылмыстың алдын алу жолдары кешенді қарастырылып отыр.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Тек қана жауапкершілікті қатаңдату деген жоқ. Оның алдын алу, тиісті көмек көрсету, тиісті орталықтарды құру деген сияқты профилактикалық мәселелер қарастырылған, бір. Екіншіден, бұл заң тек қана әйелдерге қатысты емес, жалпы ер-азаматтардың, жалпы Қазақстан азаматтарының құқығын қорғайтын заң жобасы болады. Және үшіншіден, бұл заң профилактикалық тиімділігі болады деп ойлаймын.