Алматыда су тасқынына қарсы күрескендерге құрмет көрсетілді
Алматы жұрты мерекені бұрыңғыдан өзгеше атап өтті. Іс-шара еліміздің батысы мен солтүстігіндегі су басқан өңірлерге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Абай алаңындағы концерттік бағдарламаның мақсаты – халықты бірлікке жұмылдыру, игі іске үлес қосу. Еріктілер, белсенділер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері және су тасқынына қарсы күресте үлес қосқан өзге де азаматтар марапатталды. Қала әкімі Ерболат Досаев 32 белсендіге алғысхат табыс етті. Қайырылымдылық жәрмеңкесі де ұйымдастырылған. Онда 10-нан аса мейрамхана жұмыс істеді.
Сатылымнан түскен қаражат су тасқыны салдарын жоюға аударылады.
Долкунтай Абдулхалил, Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының төрағасы:
- Мына екі фурада резина етіктер бар, сосын қайықтар бар. Одан кейін көрпе бар және тамақтары да бар. Екінші кезеңде қазір құрылыс заттарына да біз тырысып жатырмыз. Өйткені үйдің үстін жабу керек, оған әртүрлі профнастил болады. Оған да атсалысамыз.