Елордалық оқушылар ауған соғысы ардагерлерімен кездесті
Биыл ауған соғысының аяқталғанына - 35 жыл.
Елордада мерекелік шараны ауған соғысы ардагерлері мен оқушылар мектеп ауласына көшет отырғызу жұмысынан бастады. Әрі қарай түлектер концерттік шара ұйымдастырса, ал ардагерлер соғыстағы әскери тактикаларын еске алып, Отан алдындағы борышты насихаттады.
Ауған соғысының ардагері Болат Еркебұлановтың айтуынша, мұндай ізгі шаралардың саны артса, жастардың әскерге деген қызығушылығы оянады. «Аумалы-төкпелі заманда әскер қатарындағы жастар саны көбеюі керек»,- дейді жиналғандар.
Болат Еркебұланов, Ауған соғысының ардагері:
- Ауған соғысының ардагерлері, Қорғалжын ауданының азаматтары тал отырғызып, шара өткізіп жатыр. Келе жатқан Отан қорғаушы күні, алдымыздағы Ұлы Отан соғысы бар. Бәріне мереке құтты болсын! Жақсылық болсын, бірлік болсын! Әрқашан ұйымшыл болайық! Еліміз аман болсын!