Тасқын судан зардап шеккендерге жаңа үйлер салына бастады
Тасқын судан зардап шеккендерге жаңа үйлер Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында салына бастады. 34 мердігер ұйым тартылып, 400-ге жуық үйдің іргесі қалануда. Бюджет кодексіне сәйкес, апат салдарына байланысты құрылыс жұмыстарына қаржы республикалық бюджеттен тартылуы тиіс. Дегенмен мамандардың сөзінше, бұған қайырымдылық қорлары мен кәсіпкерлер де ат салысып, көмек беріп жатыр.
Марат Жарбұлов, ҚР ӨҚМ тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы:
-Үлгілік жобалар жасалды. Бұл жобалардың бағасы орта есеппен 22 млн теңге. Ол 80 шаршы метр 1 пәтерлі тұрғын үй және бағасы орта есеппен 41 млн құрайтын ауданы 180 шаршы метрлік 2 пәтерлі түрғын үй.