Хабар телеарнасы

Елімізде адам құқықтарын қорғау саласы жүйеленіп келеді

Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов айтты. Заңгердің пікірінше, адам құқығын қорғау нақты фактімен күрес қана емес, қоғамда жиі болатын келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталу керек. Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде соңғы жылдары Жасыл экономика құқығы, Кибер қылмысқа қарсы ІТ құқық және Қоршаған ортаны қорғау сынды мамандықтар пайда болғанын айтты. Осы мақсатта Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің заң факультетінің студенттері шақырылып, «Адам құқықтары және қоршаған орта» атты көктемгі мектеп өтті. Осы арқылы болашақ заңгерлерді жекелеген адамның құқығымен ғана емес, жалпыға ортақ қоғамның құқығын қорғауға бағыттау.

Игорь Рогов, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы:
-Адам құқығын және қоршаған ортаны қорғау саласының аясы өрт сөндіру қызметі сияқты болмау керек. Қылмыспен күресіп қана қоймай, қоғамның ортақ проблемасын шешу, алдын алу керек. Біздің елдегі құқықтық қызмет заманға сай жалқыдан жалпыға бет бұрып, жүйеленіп келеді. Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі Еуропа Кеңесінің өкілдері де айтып отыр.