Былтыр Қазақстанда ₸489 млрд тиімсіз жұмсалған
Ал осы үшін бар болғаны 6 лауазымды тұлға қызметінен босатылған. Бұл туралы Мәжілісте өткен бюджеттің атқарылуы туралы есепте айтылды. Қаржы саласында анықталған заң бұзушылық сомасы — 72 млрд теңге. Аудиторлар жобалау жұмыстарының ақсап тұрғанын сынға алды. Соның кесірінен нысандардың құрылысы ұзаққа созылады. Соңғы он жылда ауызсу бойынша 33 жоба аяқсыз қалған. Соның кесірінен 88 мың адам әлі күнге таза тіршілік нәріне қол жеткізе алмай отыр. Мамандар мектеп құрылысына қатысты да олқылықтар көп екенін айтып отыр.
Нұрлан Нұржанов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі:
-12 жер учаскесінің мәселесі осы уақытқа дейін шешілмей отыр. Бекітілген жоба оң қорытынды болмаса да мектептердің құрылысы басталған. 208 нысанның ішінде 35% бірінші қабатын тұрғызып қойған. Онда сұрақ? Қалай акт қабылдап отыр?