Хабар телеарнасы

«Медеу» табиғи паркінің жерлері мемлекетке қайтарылды

Алматы прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінің жеке меншікке заңсыз өтіп кеткен жер телімдерін мемлекетке қайтарды. 2020 жылы жеке тұлғалар табиғи парк аумағындағы жалпы ауданы 35 гектар болатын 10 жер теліміне меншік құқығын тіркеген. Олар Горнооктябрь ауылдық әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер телімдерін бөлу туралы шешімдерінің бар екенін растау үшін мұрағат анықтамаларын көрсеткен. Алайда мұрағаттық анықтама жерге иелік етуге құқық бере алмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген. Алматы прокуратурасы осы анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін сотқа жүгінді. Сот шешімімен прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, «Медеу» табиғи паркіне кадастрлық құны 3 миллиард теңге болатын жер қайтарылды.