Су тасқыны: 61 348 адам өз үйлеріне оралды
Тасқынмен күрес жалғасуда. Ақтөбе, Атырау, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Жайық өзенінің су деңгейі бақылауда. Ал Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы бөгеттер нығайтылып жатыр.
Республика бойынша эвакуацияланған 61 352 адам өз үйлеріне оралды. 5 452 адам уақытша орналасу пункттерінде қалды.
Бүгінге дейін 22,9 млн текше метрден астам су сорылған. Ал бөгет болу үшін 7,9 млн артық қапшық және (1,5 млн тонна инертті материал төселген.
Құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 112 адам, 730 техника, 243 су сору құралы және 57 жүзу құралы, сондай-ақ 4 әуе кемесі жұмылдырылған.