СҚО-да тасқыннан зақымданған үйлер қайта тексеріледі
Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында көктемгі тасқыннан зақымданған үйлерге қосымша техникалық сараптама жасалмақ.
Ауыл әкімі Қанат Дарбаевтың айтуынша, бұған дейін «тұруға жарамды» деп танылған кей баспаналар талапқа сай емес. Жалпы аудан орталығында көктемгі тасқын кезінде барлығы 206 үй су астында қалған. Оның ішінде, әсіресе Есілдің жағасында тұратын отбасылар қатты зардап шеккен. Олар аудандық әкімдікке жиналып, өздерін көшіруді сұрады.
Қанат Дәрібаев, Бескөл ауылының әкімі:
- Қазіргі таңда 45 үй ойыста орналасқан. Олар 1,5 - 2 метр төбеге дейін су басқан еді. Бірінші шешім бойынша ол капиталды жөндеу деп, күрделі жөндеу деп шықты. Енді біз кейбір жерлермен енді келіспейміз. Сондықтан енді альтернативті ұйымдарды тартып, қайтадан қорытынды жасаймыз.