Хабар телеарнасы

Ерлі-зайыптылар бір-бірінің рұқсатынсыз несие ала алмауы мүмкін

Сенат депутаттары қаржы нарығын зерттеу туралы заң жобасын қарады. Жаңа құжат банктік қарыздар мен микрокредиттерді беру кезінде кредиторларға қойылатын талаптарды қатаңдатуды және осы арқылы азаматтардың шамадан тыс несие алуын төмендетуді көздейді.

Одан бөлек, алаяқтықты алдын алу да қарастырылған. Енді электронды қарыздар беру кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдары клиентті биометриялық сәйкестендіруге міндеттеледі.

Алайда сенаторлар заңға тағы бірнеше өзгеріс енгізіп, оны қайтадан Мәжілістің қарауына жіберді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Мемлекет басшысы өз Жолдауында Парламент депутаттары шамадан тыс тұтынушылық несие алып, қарызға батқан азаматтар санын артқанын айтқан болатын. Заң аясында азаматтардың борыш жүктемесінің өсуін шектеу үшін бірқатар жаңа құқықтық тетіктер қарастырылған. Сонымен қатар азаматтардың банктік несиелер мен микрокредиттері бойынша қарыздарын коллекторларға сатуға екі жылдық мораторий енгізу ұсынылып отыр.