Хабар телеарнасы

Сарапшылар клубының отырысында Президенттің Жолдауы талқыланды

Көрпемізге қарай көсілетін болсақ, ел қазынасын едәуір үнемдей аламыз. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Сарапшылар клубының отырысында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды.

Спикердің сөзінше, соңғы 5 жылда республикалық бюджеттің кірісі 80%-ке артқан. Алайда шығыстар одан 2 есе көп. Президент осы сәйкессіздікті жоюды тапсырған болатын. Бірақ жыртығымызды жамаймыз деп Ұлттық қорға қол сала беруге болмайды. Керісінше салық саласын дамытып, бизнестің өркендеуіне жол ашу қажет. Кездесу барысында сарапшылар клубының мүшелері Жолдауда жүктелген міндеттерді іске асыру жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Аягөз Ханет, экономист:

- Егер осы жерде айтылған шаралардың барлығы орындалатын болса, бюджет ережесіне қатысты фискалды саясатқа қатысты контрциклды бюджет саясатын ұстанатын болса, бюджет ережелері қатаң орындалатын болса, онда бюджет жағдайы, яғни балансы жақсаруы керек.