Ақтөбеде «Zhas project» жобасының жеңімпаздары анықталды
Байқауда топ жарған 14 жас бір миллион теңгеге дейінгі шағын грантқа ие болды. Арасында ерекше әлеуметтік жоба ұсынғандары да бар. Мәселен, 26 жастағы қала тұрғыны Айбат Жақсығұл балалардың ойлау және сөйлеу қабылетін дамытуға оң әсер ететін ұлттық нақыштағы ойыншықтар жасамақшы. Ал Диана Дүйсенғалиева аквапоника жобасын ұсынған. Бұл жоба 18 бен 35 жас аралығындағы жұмыссыз жастарды кәсіпке баулуға бағытталған. Биыл облыс бойынша 289 өтініш қабылданып, арнайы комиссия үздіктерін іріктеді.
Ләззат Жаманқұлова, «Zhas project» жобасының менторы:
-Біз екі апта бойы жеңімпаздарға кәсіпкерлік негіздерін оқытамыз. Онлайн режиімінде маркетинг, мобилография әдіс-тәсілдерін үйретеміз. Сосын 1 миллион теңге ұтқандарға қажетті жабдықтарын алып беріп, ісін бастауға қолдау көрсетіледі және бизнестің қалай жүріп жатқанын бақылауға аламыз.