Өңірлердегі экологиялық түйткілдерді кешенді шешу бойынша 18 жол картасы бекітілді
Айта кетсек, 2023 жылы ластаушы қалдықтардың нақты көлемі 2,5 млн тоннаны құраған. Оның басым бөлігі электр энергетикасы, металлургия мен мұнай өндіру саласына тиесілі. Экология министрлігі ауаны ластайтын қалдықтарды азайту үшін елдегі аса ірі 50 кәсіпорыннан шығатын қалдықтарды 20% төмендету бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады. 18 жол картасы бекітіліп, 532-шараның 204-і орындалған. Сондай-ақ қала мен елді мекендерді көгалдандыру мен жасыл аймақтарды құруды көздейтін Таза Қазақстан экологиялық акциясы шеңберінде шаралар өткізіліп жатыр.
Данияр Тұрғамбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы:
-Акция қорытындысы бойынша Республика бойынша 100 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Елді мекендердің аумағында 15 млн ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. 21 жылдан 25 жылға дейін жыл сайын 3 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Жалпы өткен 3 жылда 10,3 млн ағаш отырғызылды.