Хабар телеарнасы

Қызылордада күріштің жаңа 25 сұрпы сынақтан өтіп жатыр

Ғалымдар тез пісетін әрі мол өнім беретін өңірдің ауа райына да төзімді тұқымды таңдап алмақ. Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының мамандары тәжірибелік алқаптарға Түркия, Вьетнам, Италия, Қытай, Ресей мен Украинадан әкелінген күріш түрлерін егіп, бақылауға алды. Бұған аймақтағы су тапшылығы мәселесі де итермелеген. Сыр өңіріне 120 күнде толық пісетін күріш сұрпы қажет. Бұған дейін ғалымдар отандық «Сыр сұлуы», «Айсара» сорттарымен қатар, бірнеше шетелдік күріш сұрпын өндіріске енгізген еді.

Айдос Жалбыров, тұқым шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі:
-Бір атызға біз мөлтек, мөлтек қылып еккенбіз, 10 сортты. Бір атызда су жақсы болуы мүмкін, бір атызда су нашар болуы мүмкін. Бәрі бір жағдайда болғандықтан, анықтай аламыз. Сынақ ретінде біз сараптама беретін боламыз.