Хабар телеарнасы

Кәсіпорындарда жұмысшылардың қаза болу көрсеткіші 31% артқан

Жыл басынан бері 59 адам өндірісте қайтыс болды. Ал 496 жұмысшы жарақат алған. Жұмыста жазатайым оқиғалардың дені Қостанай, Абай, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласында тіркелген. 126 жұмыс беруші 10 мыңға жуық еңбеккердің жалақысын дер кезінде төлемеген. Құзырлы органдардың араласуымен 8 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды. Заңды белден басқандарға әкімшілік айыппұл салынған. Тіпті 9 жұмыс беруші қылмыстық жазаға тартылған. Еңбек құқығын талап еткен жұмысшылар 13 кәсіпорында ереуіл өткізген.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы - ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы: 
-Қызметкерлердің негізгі талаптары - жалақыны көтеру, «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес тəуелді ұйымдарының штатын ауыстыру, сыйақыларды төлеу, еңбек жағдайларын жақсарту, жалақыны индекстеуді жүргізу, қызметкерлерді босату тəуекелдері жəне тағы басқа. Салалық бөліністе жанжалдардың негізгі үлесі мұнай-газ, тау-кен металлургиясы жəне коммуналдық сала кəсіпорындарына тиесілі.