Хабар телеарнасы

Биыл елімізде 59 адам өндірістік жарақаттан қаза тапты

Алайда бұл талапты қазір елдегі өндіріс ошақтарының жартысына жуығы орындамай отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қауіпсіздігі тақырыбында халықаралық конференция өткізіп, сала мамандарының пікірін тыңдады. Мақсат – кәсіпорындардағы жұмыс орнын барынша қауіпсіз ету. Бірақ оған жету қиын боп тұр.

Қазір елде 500 мыңнан астам адам қауіпті және зиянды өндірісте еңбек етеді. Ал жыл басынан бері 496 жұмысшы жарақат алса, 59 адам қаза тапқан.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет басшысы:

- Егер 1 адам мекемеде қайтыс болатын болса, ең қатаң бостандығы 3 жылға дейін, ал егер 2-ден астам адам қайтыс болатын болса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, сондай шара қолдануға болады соттың шешімімен. Бүгінгі таңға 7 жұмыс беруші бас бостандығынан айырылды.