Қатонқарағайда әуежай салынады
Шығыстың тұмса табиғаты әлемді тәнті ете алады. Мұзтауы мен Марқакөлі, Берелі мен Рахман бұлағы бар өлкенің туристік әлеуеті зор. Тек соны тиімді пайдалану үшін инфрақұрылымды күшейткен абзал. Өскеменде өткен Парламент Сенатының «Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым» комитетінің көшпелі отырысында осы мәселе талқыланды. Былтыр облысқа 370 мың турист келген. 12 миллиард теңге инвестиция бөлінді. Биыл туристік орындарға апаратын 120 шақырым жол жөнделеді. Қатонқарағайда әуежай салу да жоспарланған. Сенат депутаттары болса: «Туризмді түрлендіріп, дамытудағы әр кедергінің себебін анықтап, тиісті ұсыным жасауға әзірміз», - дейді.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Жолдардың сапасы, қызмет көрсету сапасы ойдағыдай болмай жатқаны рас. Соның бірі жол бойында дәретханалардың да, асханалардың да көңілден шыға бермейтінін көріп жүрміз. Осы мәселелерді реттеу, жүйелеу дұрыстап, шешу мәселелері біздің назарымызда болады.