Хабар телеарнасы

«Қазақстан халқына» қоры: жазда 20 мың балаға тегін жолдама беріледі

Биыл су тасқынынан зардап шеккен, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 20 мың бала жазғы демалысын еліміздің өзге өңірлерінде өткізеді. Жеткіншектерге мұндай мүмкіндікті «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ұсынып отыр. 1 маусым балаларды қорғау күні қарсаңында Атырау облысынан шыққан 130-ға жуық бала Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы демалыс лагеріне жайғасты.

Сымбат Салауат, 7-сынып оқушысы:
-Менің лагерьге үшінші рет келуім. Бұл жақта бізге 5 мезгіл тамақтандырады. Табиғаты өте керемет. Жақсы көңіл-күйде қарсы алды. Қазіргі таңда достарымыз өте көп.

Шоқан Қайырғалиұлы, лагерь құрылтайшысы:
-Бағдарламаға байланысты 80% демалысқа арналған. 20% біз балаларға ағылшын тілін үйретіп, пайдалы құндылықтарды үйретуге тырысамыз. Бағдарламаның ішінде заманауи балалардың өздеріне қызық элементтер көп. Осы жазда 9 сезон өткізіп, 1500 баланы демалдырамыз деп ойластырып отырмыз.