Хабар телеарнасы

Астанада есірткі қылмысының digital-картасы іске қосылды

Назарабаев Зияткерлік мекетебінің оқушылары есірткі сатушылар мен тұтынушылардың жолын кесуге көмектесетін digital-карта ұсынды. Ол әзірге елордада істейді.

Қосымшаның көмегімен кез келген азамат есірткі қылмыстарының орнын белгілеп, көрсете алады. Егер қылмыстың жасырын жарнамасына куә болсаңыз, esbol.kz сайтына кіріп, картаға фотосуретті оңай жүктей аласыз. Тәртіп сақшылары белгіленген мекенжайды көріп, есірткі саудагерлерін құрықтайды.

Қолдау көрсеткен ESBOL QORY 2021 жылдан бері есірткі қылмысына талдау жүргізген. Мәселен, бүгінге дейін 3 мың есірткі бизнесі, 2 мыңға жуық хабарландыру жойылды.

Жандос Ақтаев, ESBOL QORY төрағасы:

- Өкінішке қарай нашақорлық дерті жыл сайын жасарып келеді. Жастарымыздың есірткіні сатуы, оны тасмалдауы қайғылы жайт. Президент те бұл дертпен күрес керек екенін айтқан болатын. Әрбіріміз белсенді азамат болсақ та, кәсіпкер болсақ та, таралуын тоқтатуға күш салу керекпіз.