Хабар телеарнасы

Жетісу облысында жастардың бастамасымен Taza Like іс-шарасы ұйымдастырылды

«АMANAT» партиясының қолдауымен өткен сенбілікке Кербұлақ ауданының тұрғындары да белсене қатысты. Жастар ресурстық орталығының мамандары, еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдері көпшілік мәдени орындарды тазалады. Күреңбел өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны басталғалы 850 түп қылқанжапырақты ағаш отырғызылып, 600 тонна қоқыс шығарылған. Ал облыс бойынша елдімекендер 20 мың тонна тұрмыстық қалдықтан тазарған. 

Ерлан Оразбаев, Кербұлақ аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
-Аудан көлемінде 52 шара өткізілді. 52 акцияның ішінде «Таза бұлақ», «Таза өлке» іс-шаралар болды. Ол жерде біз белсенді жастар бірігіп, табиғи орындарды, осындай саябақтарды тазалық жұмыстарын жүргіздік.