Хабар телеарнасы

Су тасқыны: Ақтөбе облысында 159 отбасы баспаналы болды

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 159 отбасы жаңа баспанаға кірді. Оларға дайын үйлер мен пәтерлер сатып алынған. Атап айтқанда, Ойыл, Темір, Әйтеке би және Мұғалжар аудандарының тұрғындары өздерінің таңдаған үйлеріне қол жеткізді. Барлығының баспанасы қарғын су келгенде қирап қалған. Қалған зардап шеккен тұрғындарға арнап жаңа 398 үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарына ондаған мердігер компания тартылған. Сондай-ақ жастардың «жасыл ел» жастары да көмекке келмек. Ал үйлері тұруға жарамды, алайда жөндеу қажет ақтөбеліктер де қолдаусыз қалмайды.. Ал бүгінгі күнге дейін 4245 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем алған.

Роза Жұбатқанова, Әйтеке би ауданының тұрғыны:
-Осы үйге кіргеніме қуаныштымын енді. Қуанышым қойныма сыймай тұр. Құдайдың қарасқаны шығары осы.. Үйлі болды ғой. құтты болсын. Анау үйді сатқымыз келеді, оны сатқанменен үй ала алмайсың ғой енді оған да бәрібір.