Соңғы үш жылда тұтынушылардың құқықбұзушылығы 2 есе өскен
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шәкқалиев айтты. Мәселен, алдыңғы жылы 25 мың арыз түссе, ал былтыр оның саны 50 мыңнан асқан. Шағымданушылардың уәжі электронды және бөлшек саудада, тұрмыстық қызметте басым. Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін алдын ала мемлекеттік бақылау жұмыстары жүзеге асырылуда. Мәселен, 500-ден аса жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, сот органдары 166 бизнес өкілдеріне талап қойып, 63 кәсіпкерге айыппұл мен 600-ден аса ескерту жасалған. Одан бөлек жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Айтуынша, жоғарғы білім мазмұнында академиялық еркіндік беріліп, онлайн оқыту енгізіледі. Нақтырақ айтқанда, 73% бағдарлама жаңартылады. Түлектердің мамандық бойынша жұмысқа орналасу мәселесі де талқыланды.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
-Қазақстанда 120 жоғарғы оқу орны бар. 183 мыңға жуық түлектердің 78% жұмысқа орналасқан. Былтыр 10 мың 300 студентке 43 жатахана пайдалануға берілді. Енді жалпы білім беру жүйесінің 73% өзгертуге ниеттіміз.