«Таза Қазақстан»: 5 күннің ішінде 900 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Небәрі 5 күннің ішінде жүздеген мың аула мен 20 мыңнан астам әлеуметтік нысанның аумағы тазартылып, 900 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. 2,5 миллион көшет отырғызылды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында су тасқыны болмаған өңірлерде өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының қорытындысы. Игі шара аясында 4,6 мыңнан асатын қоғамдық орындар, саябақтар, шағын бақтар абаттандырылды. Бұл іс-шараға 2,4 миллионға жуық адам қатысты. Еріктілер өзендер мен көлдердің айналасындағы 5,8 миллион шаршы метрден астам аумақты қоқыстан тазалаған. Қазір бұл акцияға су деңгейі төмендеп, қауіп-қатердің беті сейілген өңірлер де қосылды.