Хабар телеарнасы

Оралда көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 266 отбасы қоныс тойын тойлады

Орал қаласында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 462 отбасы баспана сатып алу жөнінде келісімшарт қол қойса, соның 266-сы қоныс тойын тойлады. Еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың өзі тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілтін табыс етілді. Жалпы Орал қаласында 10  жарым мыңдай саяжайды су басса, соның 3 жарым мыңы азаматтардың жалғыз баспанасы екен. Техникалық тексерістен кейін 2 585 үйдің 1921-і жарамсыз деп танылған.

Анна Сидорович, қала тұрғыны:

- Былтыр ғана үй салып едік. Ол суға кетті. 7 баламен қайда барарымызды білмей қиналдық. Қалалық әкімдіктен хабарласып пәтер береміз дегенде қуанышымызда шек жоқ. Міне екі бөлмелі пәтер берді. Мемлекетке көп-көп рахмет!

Нариман Төреғалиев, БҚО әкімі:

- Қазір біз бірінші нарықтан жаңа үйлер сатып алып жатырмыз. Бүгін келіп жатқан отбасын көріп отырмыз. Оның сыртында екінші нарықтағы үйлерден де алып жатырмыз. Қосымша қалада 450 үйдің құрылысын бастап кеттік. Ол Жұлдыз шағынауданында, Деркөл-1 және Деркөл-2 шағынаудандарында.