Хабар телеарнасы

Маңғыстауда «Таным» атты экология байқауы жарияланды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты –қоршаған ортаны қоқыстан тазартуда белсенділік танытқан жас буынды қоғамға үлгі ету. Байқау үш айға ұласады. Жеңімпаздар күзде Ақтауда өтетін экофестиваль кезінде 5 номинация бойынша марапатталады. Жүлде қоры 10 млн теңге. Әр номинацияда топ жарғандар 100 мың теңгеге ие болады.

Әсел Балманова, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Сонымен қатар оқушылардың арасында макулатура тапсыру арқылы бас жүлдеге планшет берілетін болады. Бұл да біздің табиғи ресурстар басқармасының қолдауымен жүргізіліп жатыр. Одан кейін Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен ОСИ-лердің арасында «Үздік аула», «Үздік аула жинаушы» деген тақырыпта да экологиялық конкурс өткізілгелі жатыр.