Қонаевтан аптасына 600 тонна қоқыс шығарылады
Жазғы маусымда турист көбейген. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемесі мен коммуналдық кәсіпорындар бар күшті жағажайларды тазалауға жұмсап жатыр. Қаладағы нөмірі 7-ші жағажайдың өзіне 60 шақты қоқыс жәшігі орнатылған. Ол жерден күніне 90 тонна тұрмыстық қатты қалдық шығарылады. Қала тазалығына күн сайын 120 адам, 14 техника жұмылдырылады.
Марк Бейдалиев, «Жасыл қала Қонаев» МКК басшысы:
-Біз күніне 5 камаз қоқысты шығарып отырмыз. Бұл - біздің міндетіміз. Қазір соған 15 адам, 3 техника дайын, күнделікті жұмыс істеп жатыр. Ережені бұзады, қоқысты тастайды, сосын қызу кезде суға барып шомылады. Ереже бойынша біз анықтама беріп жатырмыз. Түсіндіріп жатырмыз.