БҚО-да тасқын салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр
Батыс Қазақстан облысында су тасқынының зардабын жою жұмыстары жалғасуда. Сырым, Қаратөбе, Бөрлі, Теректі аудандарында 480 үй жарамсыз деп танылса, соның 401 жаңадан салынып жатыр. Ал Орал қаласында Шаған, Жайық өзендері тасуы салдарынан 14,5 мыңдай саяжай суға кеткен еді. 1500 үй жөндеуге келсе, 3 мың үй жарамсыз көрінеді. Күні бүгін 640 отбасына пәтер сатып алып берілген. Зашаған кенті мен Деркөл, Жұлдыз шағынаудандарында 450 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары:
- Барлығы типтік жобалы, яғни әрқайсысы үйдің көлемі 80 шаршы метрді құрайды. Көпбалалы отбасы және мүгедектігі бар азаматтар яғни категориясына байланысты. Сәйкесінше кіретін жолдары керек. Инфрақұрылымы керек. Мердігерлерді анықтап жатырмыз, асфальттап бастаймыз. Су мәселесі, электр желісі жұмыстарын қазіргі таңда жүргізіп жатырмыз. Қыркүйекке дейін толық аяқтаймыз.