Жазғы Kaspi Жұма 21, 22 және 23 маусымда өтеді
Баршаға сүйікті бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі ертең басталып, үш күн бойы – 21, 22 және 23 маусымға дейін жалғасады.
Жөндеу жұмыстарын жасау, демалу, салқындатқыш сатып алу, киімдерді жаңарту... Жазда көп нәрсе істеп үлгеру керек. Қазақстандықтар қазірдің өзінде жазғы Kaspi Жұма барлық затты отбасылық бюджетке салмақ түсірмей, сатып алуға көмектесетінін біледі.
Мерекеге 10 мыңдаған шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ жетекші қазақстандық және әлемдік брендтер қатысады. Ал əр Kaspi Жұма сайын отандық өнім өндірушілердің көбейіп келе жатқаны ерекше қуантады.
Қайырбек Анатоликов, Kargaly Mebel компаниясының негізін қалаушы:
- Пайдасы өте жақсы. Тұтынушыларымыз да өздері қуанады. Kaspi Жұмаға қатысқанымызды бізден алдынырақ сұрап отырады.
Блиц-сауалнама. Kaspi Жұмаға қатысасыздар ма?
Әрине, біз қатысамыз.
- Орташа бағамен 32-35 млнға дейін. Ал Kaspi Жұма арқылы саудамызды осы мөлшерден 3 есеге арттырамыз
- Біз Kaspi Жұмаға бүкіл бригадамызбен, командамызбен дайынбыз.
Ләззат Иманғалиқызы, Sapa Plast компаниясының сату маманы:
- Ашылғанымызға 6 жылдан астам уақыт болды. Біз пластик және алюмений есік-терезе өндірумен айналысамыз. Kaspi қосымшасын өзіміздің компания ашылғалы қолданамыз. Ол біздің клиенттеріміздің сұранысы бойынша. Kaspi Жұма болған кезде яғни өткен февраль айында жоғарғы чек 60 млн теңге сатылым жасадық. Бізге Kaspi Жұма өте қатты көмектесті. Өйткені клиенттерімізге де өте ыңғайлы бөліп төлеу. Бізге де клиенттеріміздің сұранысын орындаған ыңғайлы.
Инна Апенко, Mimioriki және Global Nomads қазақстандық брендтерінің негізін қалаушы:
- Әрине, Kaspi Жұма біз сияқты шағын және орта бизнеске, брендтерге, компанияларға да тиімді. Өйткені ол орташа чекті және жалпы сауда көлемін және жалпы брендтің, марканың танымалдылығын арттырады. Өйткені сол күндері сауда орталықтарына келушілер көбейеді. Сондықтан бұл біз үшін, бизнеске құнды ресурс және клиенттер үшін, аудитория үшін, Қазақстан азаматтары үшін тамаша ресурс.
Сонымен қатар курьерлік компаниялар да Kaspi Жұмаға дайындалуда. Өйткені әрбір затты сатып алушының тікелей үйіне немесе жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа тегін жеткізіледі.
Kaspi Жұма – затты тиімді сатып алу ғана емес, көптеген қазақстандықтар үшін жұмыс. Отандық компанияларға сауда көлемін бірнеше есе арттырып, дамуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Дана Әлиева