23 ақпан Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі басталады
Тиімді зат сатып алу үшін көптеген қазақстандық бүкілхалықтық Kaspi Жұма мерекесін күтеді. Бұл жолы қазақстандық сауда саласындағы ең ірі оқиға ақпан айында өтеді.
Осы уақытқа дейін Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі жылына екі рет өтетін. Бірақ көпшілік тиімді сауданы жиі жасағысы келді.
Сауалнама:
Сатып алушы 1: Менің ойымша бұл өте ыңғайлы нәрсе. Kaspi Жұманы жиірек жасап отырса.
Сатып алушы 2: Каспи Жұма басталғалы қатысып келе жатырмыз, бізге өте тиімді.
Сатып алушы 3: Каспи Жұмаға көп-көп рақмет. Көп адамдарға, қазақстандықтарға көп жағдай жасап жатыр.
Сондықтан Kaspi.kz барша қазақстандықтарға сыйлық жасап, оныншы мерейтойлық Kaspi Жұманы ақпан айында өткізуді жөн көрді.
Мерекеге он мыңдаған шағын және орта бизнес компаниялары мен Adidas, Alina Group, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Intertop, «Қазақювелир», Kari, KIMEX, Комфорт, Мечта, Mon Amie, Leroy Merlin, Qazaq Republic, Sulpak, Technodom сынды қазақстандық және әлемдік жетекші брендтер де қатысады.
Рамиль Айсаров, Expert Neuro неврология және оңалту орталығының атқарушы директоры:
- Kaspi Жұма бізге көптеген адамдарға көмектесуге мүмкіндік берді. Ем алып, сауығып кетуге көмектесті. Біз компнаия ретінде дамып, ұлғая бастадық. Қазір 7 филиалымыз бар. Алғыс білдіретін емделушілер көбейді.
Мақсат Орынбай, Alser.kz сауда желісі қаржы департаментінің басшысы:
- Alser компаниясы барлық сауда мерекелеріне қатысып келеміз. Биыл бұл оныншы рет болады. Алдын ала дүкен сөрелерін, қоймаларды тауармен толтырып, қызметкерлердің жұмыс кестесін өзгертіп, біздің тұтынушыларға ұтымды, ыңғайлы жасап тауар жеткізу қызметінің жұмыс кестесін ұзартып жатырмыз.
Тиімді сауда мерекесіне тек сатушылар ғана емес, жеткізу қызметі де дайындалуда. Әрбір тұтынушының тапсырысы үйіне немесе жақын маңдағы Kaspi Postamat-қа жеткізіледі.
Саян Кәкен, Aquila Logistics курьерлік компаниясының операциялық директоры:
- Каспи Жұмаға дайындаламыз. Бізде жүк тасымалдаушылардың өзі қазіргі 50 істеп жатса, Каспи Жұма кезімізде 100 кісілерді аламыз.
Жәй күндері 5000-6000 заказ тасимыз. Ал Каспи Жұма кезінде 12 000–13000 заказ бір күнде. Өте керемет, Каспи Жұманы кәдімгі мереке қылып күтеміз.
Әр Kaspi Жұма тек сатып алушылар үшін ғана емес, отандық бизнес, әсіресе шағын компаниялар үшін үлкен оқиға. Осы үш күнде қазақстандық кәсіпкерлер сату көлемін бірнеше есеге арттырды. Соның арқасында бизнес одан әрі дамып, ел экономикасын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашады.
Дана Әлиева