Биыл Ақтөбе облысында 156 мың оқушы жазғы лагерьде демалады
Ол үшін 627 мектеп мен 49 қосымша білім беру ұйымында арнайы алаңдар жасақталған. Бұдан өзге қазір 5 бірдей қала сыртындағы лагерь жұмыс істеп тұр. Балаларға арналған бағдарламалар әр орталықта әртүрлі.
Білім басқармасы мамандарының айтуынша, биыл өңірдегі мектеп оқушыларының 98%-ін демалыс орындарымен қамту көзделген. Сондықтан алдағы күндері тағы екі лагерь жұмысын бастайды.
Айболат Ташпентаев, лагерь директоры:
- Балалардың қауіпсіздігін, олардың тамақтануын қадағалап отырмыз және де қызықты үйірмелер бар. Балаларға керегі сол ғой қазіргі таңда. Бірінші маусым бізде физика, астрономияға, сол аспан әлеміне саяхат болды. Қазір екінші маусымда бізде робототехника. Қыз балаларға да қосымша үйірмелер жеткілікті.