Олжас Бектенов Байқоңырдың даму жоспарымен танысты
Экологиялық таза тасымалдағыштарда ғарыш аппараттарын сәтті ұшыру үшін мамандардың тығыз бірлескен жұмысы қажет. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Қызылорда облысына сапары барысында айтылды.
Үкімет басшысы әуелі «Бәйтерек» зымыран кешенінің құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын 2028 жылы аяқтау жоспарланған. Ал 2025 жылы алғашқы ұшу сынақтары басталады. Олжас Бектенов монтаждау-сынақ кешенін, сондай-ақ зымыран көлеміне шақталған көлік қондырғыларын қарап шықты. Үкімет басшысы Байқоңыр қаласының даму жоспарымен де танысты. Шаһардың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын дамытып, тұрғын үй қорын ұлғайту жұмыстары қолға алынған.
Қайрат Нұртай, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі:
- Газдандыру мәселесін айта кету керек. Кезінде бұл жерде әр үйдің қасында газгойлер болып жасалған. Ол кезде тұтыну бағасы 600-700 теңге болса, қазір қазақстандық газбен толық қамтамасыз етілді. Қазір 16 теңге түсті. Ресей тарапы жылу орталығын мазуттан біздің газға ауыстырып жатыр.