Хабар телеарнасы

Ақмола облысы Жарқайың ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Ақмола облысы Жарқайың ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында Есіл өзенінің жағалауын күл-қоқыстан тазартты. Көпшілік суға шомылатын жағажай аумағы да ретке келтірілді. Облыста бүгінге дейін 20 мың тонна қоқыс шығарылған. Мыңнан астам сумен жабдықтау нысанының аумағы абаттандырылды.