Хабар телеарнасы

Алматы облысында ₸4,8 млрд субсидия заңсыз ұрланған

Прокуратура ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру барысында қазына қаржысын ұрлаудың жүйеленген кестесін анықтаған. Салаға жауапты мамандар шаруаларға субсидияны «таңдау әдісімен» төлеп келген. Соның ішінде асылтұқымды мал басын арттыруға бағытталуға тиіс 1,2 млрд теңге қолды болды. Іс жүзінде ол жұмыстар орындалмаған. Қазынаға 110 млн теңге қайтарылды. Қазір бюджет қаржысын қымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.