Хабар телеарнасы

Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті

Өрмекшінің бұл түрі қауіпті. Әсіресе Индер, Құрманғазы аудандарында жағдай ушығып барады. Тек өткен айда улы жәндік шаққан 16 адам ауруханаға түскен. Жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскен 6 адамның үшеуі бала. Барлығы сауығып, үйлеріне шығарылған. Дегенмен улы жәндіктен ірі қара да зардап шегіп жатыр. Қарақұрт шаққан 180 бас түйе шығын болды.

Руслан Қайыржанов, эпидемиолог:
-Жер үйде тұратын адамдар бар. Оларға шарбақтарын тазалағанада дене терісін толықтай жабатындай етіп киініп, қолғап киіп тазалауды ұсынамыз. Одан кейін сыртта аяқкиімдері болатын болса немесе тыстан үйге келгенде киімдерін қарап, оған қарақұрт енген жоқ па, соларға мән беріп, қарауларын ұсынамыз.