Жаз басталғалы Жетісу облысындағы өзен-көлде 12 адам құтқарылды
Жаз басталғалы Жетісу облысындағы өзен-көлде 12 адам құтқарылды. Алакөлде суға кете жаздаған 8 адамның төртеуі - бала.
Биыл су қоймасында жедел құтқару бөлімінің 4 жасағы кезекшілікте тұр. Қауіпсіздікті қадағалау 15 маманға жүктелген. Олар ұзындығы 13 шақырым жағалау мен 300-ге тарта демалыс орнын күнделікті назарда ұстауы керек.
Еламан Ахметқалиев, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының сарбазы:
- Негізі балалардың жоғалу себебі – ата-анасы адам санының көбеюіне байланысты көп мән бермейді баласына. Қарамайды. Содан көп балалар жоғалады. Көбіне балаларды жағадан тауып аламыз. Сол үшін ата-аналардан балаларға бас көз болуын сұраймыз.