«Түнгі тариф» қаншалықты тиімді?
Өндіріс орындары үшін «Бір терезе» жүйесі іске қосылады. Бұл туралы бүгін Сенат депутаттары Өскемендегі металлургтермен кездесуде айтты. Жоба кен байыту саласын дамытудағы кедергілерді жедел және дер кезінде шешуге сеп болуы тиіс. Депутаттардың сөзінше, шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту үшін көтеріліп жатқан бастама көп. Солардың бірі энергетика мекемелеріне «түнгі тариф» кестесін енгізу қажет.