Хабар телеарнасы

Антикор: Қазақстан халқына 2,5 жылда 1 трлн теңгеден астам ақша қайтарылды

Антикор заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастықты күшейтіп жатыр. Әріптестіктің алғашқы нәтижелері жарияланды. Франция, Лихтенштейн, Түркия, Ресей және басқа да елдерден 736 миллион доллар қайтарылыпты. Оның ішінде ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік пен зергерлік бұйымдар бар. Айта кетейік, соңғы 2,5 жылда олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1 трлн теңгеден астам ақша қайтарылыпты.

Ал Жетісу облысының Көксу ауданында жерді рұқсатсыз басып алу дерегінің жолы кесілді. Тексеріс кезінде мемлекет меншігіндегі 2 гектарға жуық аумақты өз бетінше иеленіп алған кәсіпкер анықталған. Серіктестік басшысына заңсыз әрекеті үшін 553 мың теңге айыппұл салыныпты. Қазіргі уақытта жер учаскесі босатылды.