Хабар телеарнасы

Қызылорда облысында «Тазалық патрулі» жобасы іске қосылды

Еріктілер тобы қала, аудан, ауыл-аймақтағы «Орталық саябақ», көше мен арық, көпір мен ойын алаңдарының қоқыстан таза болуын қадағалайды. Олар Ыбырай Жақаев атындағы саябақты мұнтаздай етті. «Игі істер» марафонын қолдаған кәсіпкерлер тазалаушыларға қоқыс жинауға арналған 10 мотоцикл сыйлады. «Сана тазармай, қала тазармайды» деген тәмсілді ұстанған «Тазалық патрулі» облыстағы бүкіл мекеме, жеке бизнес нысанын аралап, айналаны ластамау жөнінде ескертпе үнпарақ таратты.

Бибіфатима Дәулетияр, волонтёр:
-Тұрғындарға, кәсіпкерлерге осы тазалық үндеуін ұсынып, тазалыққа шақырып жүрмін. Мен осы Қазақстанның таза болғанын қалаймын және таза ел – таза отбасы болады.