Хабар телеарнасы

Шымкентте «Кең баба» саябағы мемлекетке қайтарылды

Шымкентте «Кең баба» атындағы отбасылық саябақ мемлекет меншігіне қайтарылды. Сот шешімімен жалға беру шартының күші жойылды. Себебі демалыс орнын жаңғыртуға бағытталған жобалар жүзеге аспай, жер учаскесі талан-таражға түскен. Мамандардың айтуынша, саябақ жекенің меншігіне жалға берілгеннен кейін оның аумағынан мейрамхана мен дәмхана көптеп салына бастаған. Ал балалар үшін орнатылған әткеншектердің қауіпсіздігі де күмән туғызған. Кәсіп иелері жер учаскесін қоршауға алып, жаяу жүргіншілерге арналған жолды тарылтып тастаған.

Арман Әбдешов, қалалық сәулет және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
-Балаларға арналған кейбір аттракциондардың тегін болуы, аумақта балаларды дамыту орталығы болуы керек еді. Бұл кісілер өз міндеттемелерін орындамады. Керісінше тал кесіп, брусчатка көбейтіп, бетон, тас көбейтіп тастаған. Қайтару бойынша апелляциялық инстанция, бірінші инстанцияның күшінде қалдырған.