Абай облысындағы Тассай ауылы екі күннің бірінде жарықсыз отыр
Абай облысындағы Тассай ауылы екі күннің бірінде жарықсыз отыр. Электр желілері тозған. Тұрғындар бірнеше мәрте шағымданғанымен, нәтиже жоқ. Ал жергілікті билік жауапты орындарға хабар бердік, хат жолдадық деп отыр.
Тассай ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері жарыққа жарымай отыр. Жергілікті халық тиісті мекемеге талай мәрте шағымданғанымен, мәселеміз шешілер емес. Бір өшіп, бір жанған жарықтың кесірінен тұрғындардың несиеге алған техникасы күйіп кеткен.
Сәуле Қожахметова, ауыл тұрғыны:
- Көбі бізде үйде отырған аналар. Ал свет өшіп қалса не то что навары жаңағы пісірілген дүниелері бұзылып кетеді. Менің жолдасым үйде дөңгелек жөндейді. Свет жоқ күнде отырамыз. Столбтың бәрі ескірген, проводтың бәрі ескірген оның бәріне қанша ақша керек дейді. Білмеймін енді. Біз ақша төлеп отырмыз ғой.
Ауыл халқы талай мәрте әкімдік есігін қаққанымен, ондағылар мардымды жауап бермепті. Жалпы Абай облысындағы электр желілерінің ұзындығы 15 мың шақырым асады. Бүгінде оның 96 пайызы тозған.
Құралай Мұқанова, ауыл тұрғыны:
- Біттей жел соқса, жауын жауса светіміз өшіп қалады. Күн болсын түн болсын.Ал енді интернетіміз ол істемейді. Ақшасын ай сайын төлеп отырмыз. Бір күн төлемесек светті қиямыз деп жетіп келеді. Совсем слабый айналып тұрып алады. Балалар сабақ қарайтын кезде свет өшіп қалады, интернет істемей қалады.
Марат Теміржанов, Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы:
- Үш-төрт ауылда бар ондай проблемалар. Бірақ бүгінгі күнге мамандар жұмысын атқарып жатыр. Қалпына келтіріп жатыр бірақ уақыт керек оған. Столбтардың бәрі веткий ескі уақыты өткен барлығының. Біз қазір депутаттардың барлық сауалдарын бергелі отырмыз. Қазір аудан бойынша проблема көп светтен.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы мәселенің қай кезде шешілетінін дөп басып айта алмады. Ал облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мамандары Тассай ауылындағы электр желісіне техникалық қызмет көрсету үшін бюджеттік өтінім берілгенін жеткізді.
Авторлар: Рүстем Қайратұлы,Берік Жобалайұлы.