Абай облысында 38 ауылды су басу қаупі бар
Мамандар тоңның қалыңдығы мен ылғал мөлшеріне қарап, биылғы тасқын қаупінің жоғары болатынын айтады. Оқыс жағдайға жедел әрекет ететін арнайы топ жасақталып, су басу қаупі басым аудандарға жіберілді. Тасқынға қарсы іс-шараға 1 мың 200 адам мен 500-дей техника дайындалған. Сондай-ақ Ертіс өзеніндегі мұзды жару жоспарланып отыр.
Азамат Орынбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
-Төтенше жағдайлар департаменті толығынан дайын жанағыдай су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бүкіл жеке құрам керекті жарақтармен барлығымен қамтылған. Ақсуат ауданында арнайы топ жіберіледі мына ауа-райына байланысты осы аптада күндізгі температуралар жоғарлайды соған байланысты ертерек сол топты жіберіп отырмыз.