Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында сыйымдылығы 10 мың тонна көтерме сауда орталығы бос тұр

Жамбыл облысында сыйымдылығы 10 мың тонна көтерме-сауда орталығы қаңырап бос тұр. Жобаны жүзеге асыруға 2019 жылы қазынадан 135 миллион теңге бөлінген. Кәсіпкерлер де 300 млн теңге көлемінде инвестиция салған екен. «Жеміс-жидек, көкөніс сақтауға арналған қойма Тараздан 12 шақырым жерде орналасқандықтан, оған сұраныс жоқ»,— дейді мамандар. Енді инвесторлар қаржысын қайтарып алмақшы.

Еркін Жылысбек, «Тараз» ӘКК» АҚ басқарушы директоры:
-Ол ақша енді жұмыс жасауы керек қой Үкіметтің ақшасы болғаннан кейін. Бүгінгі таңда ол ақша құр жатыр деуге болады. Сондықтан біз сондай шешім қабылдап, енді бірігіп жаңағы Дамдес агромен бірігіп шешім қабылдап, соған өзіміздің долямызды сататындай етіп шештік. Сол 135 млн тг біз өзімізге қайтарып, біздің долямызды сатып алатын болды.