Хабар телеарнасы

Семейлік мұғалімнің ем шығынын мектеп директоры өтейді

Семейде орталық алаңдағы шыршаны безендіру кезінде құлап, бас сүйегі сынған мұғалімге қатысты арнайы тексеру аяқталды. Комиссия жарақат алған мұғалім шыршаны безендіруге мектеп директорының тапсырмасымен барғанын анықтады. Заңға сәйкес, жәбірленушіге келтірілген шығынды білім ошағының басшысы өзі өтеуге міндетті. Жұмысқа заңсыз тартылған мұғалім қазір үйінде ем алып жатқанымен, жалақысы толық төленеді. Егер ол медициналық қызметтерді ақылы негізде алса, шығынын түгелдей жұмыс беруші өтейді.

Тоқтарбек Түсіпбаев, мемлекеттік еңбек инспекторы:

-Жұмыс берушінің кінәсі 100% болды. Бұл жерде жұмыскер Айтқалиевтің кінәсі жоқ. Комиссия солай шешті. Бүгінгі күні оның жазатайым жағдайға байланысты жоғалтқан еңбекақысы түгел төленіп жатыр. Емделуге кеткен шығындары толығымен өтеледі.