Хабар телеарнасы

Елімізде 140-қа жуық адамға жаңа жүрек керек

Елімізде 140-қа жуық адамға жаңа жүрек керек! Бірақ отандық дәрігерлер жылдап донор күтпей-ақ, адам өмірін аман алып қалудың баламасын біледі. Юрий Пя бастаған кардиохирург дәрігерлер жүректің сол жақ қарыншасына көмекші құрылғы орнатуды ұсынып отыр. Бұл жаңа тәсіл емес. Елімізде мұндай имплантация алғаш рет 10 жыл бұрын жасалған. Бүгінге дейін жүрек жеткіліксізідігі анықталған 500 науқасқа осындай құрылғы орнатылған. «Әлем бойынша 5 елде клиникалық зерттеуден өткен бұл құрылғы 10 жылда өз тиімділігін көрсетті»,— дейді мамандар.  Кезінде төсек тартып қалған науқастардың  қазір өмір сапасы жақсарған.  Ең бастысы, әр науқасқа 60 млн-нан астам қаражат кететін операция Қазақстанда тегін жасалады. Жүрек трансплантациясына балама болатын ота Астана, Алматы, Тараз және Шымкент қалаларының ірі кардиохирургиялық орталықтарында жасалады. 

Салтанат Андосова, жүрек орталығының бөлім меңгерушісі:
-Бүгінгі таңда 500-ден аса осындай операция жасалды. Сол 2014 жылы бірінші науқастарға қойылған осындай помпалар биыл 10 жыл болып жатыр. Олардың өмірлерінің сапалары өте жоғары. Олардың барлықтары семьяларына қайтарылып, жұмыс істеп жатыр. Өмір сүріп жатыр. Сондықтан бұл хирургиялық жолмен емдеу бүгінгі әлемде өте жақсы таңдаулы ем жолы болды.