«Таза Қазақстан»: елордада «Сәтті сәрсенбі» экошеруі өтті
Жазғы демалыста жүрген оқушылар «Өндіріс» тұрғын алабын қоқыстан тазартты. Игі істің жүзеге асуына «Жасыл ел» жобасы мұрындық болған. 100-ден аса экобелсенді 10 гектар жерді тазалап, 1 тонна қоқыс шығарды. Ал Астанадағы 100 мектепте оқушылар ағаштарға күтім жасап, гүлдендіру жұмыстарымен айналысты. Жоба аясында 3 мың оқушы қала тазалығына белсенді қатысқаны үшін 65 мың теңгеден жалақы беріледі. Олар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан болуы тиіс.
Асылбек Әбдірашид, «Жасыл ел» жобасы жетекшісінің орынбасары:
-Демалыс күндерінен тыс, осындай жерде кез келген ұсынылған қоқыс алаптарында болсын тазалау жұмыстарымен айналысамыз. Көріп тұрған жастарыңыздан бөлек, қаламыздың ішінде жастарымыз саябақтарымыз, бақтарымыз бар. Сол жерлерді тазалау жұмыстарын жасап жатыр.
Ажар Болат, мектеп оқушысы:
-«Таза Қазақстан» жобасын теледидардан көргенмін. Жұмыс істейсіңдер ме деп мектептен ұсыныс тастады. Сол кезде айтты 1 ай жұмыс істейсіңдер. Жалақыларың 65 мың теңге деп. Ол мотивация деп ойлаймын. Жалпы табиғатты тазалаған маған ұнайды.